Алматы мен Шымкентте салоннан алынған көліктерде ақау болған
Соңғы уақытта тұтынушылардың құқығын қорғау саласында бірқатар резонанс оқиғалар тіркелді. Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығы қалай қорғалғанына туралы мәлімдеме жасады. Министрліктің мәліметінше, жалпы түскен өтініштердің басым бөлігі автокөлік сатып алуға қатысты болды.
Алматы қаласында бірнеше тұтынушы жаңа сатып алынған көліктердің ақауы бар екенін байқаған. Бір алматылық тұрғын қозғалтқыштағы күрделі ақауды байқап, заңгерден кеңес алғаннан кейін көліктің толық құнын, яғни 6,99 млн теңгені қайтарып алды. Тағы бір сатып алушы өз автокөлігінің беріліс қорабында ақау, артқы камерасының істемейтінін және жанармай багы қақпағының ашылмайтынын анықтаған. Департамент мамандарының кеңесінен соң оған автосалон 14,9 млн теңгені толық көлемде қайтарды. Тағы бір автокөлік иесі беріліс қорабындағы ақауды анықтап, мамандардың қолдауымен 13,9 млн теңгесін қайтарып алды.
«Шымкент қаласында электромобиль иесінің оқиғасы көпшіліктің назарын аударды. Ол көліктің жүріс қоры өндірушінің көрсеткен мәліметіне сәйкес келмейтінін байқап, бұрын пайдаланылған батареялардың қолданылған болуы мүмкін деген күмән туындады. Мәселе мамандар арқылы шешілгеннен кейін сатушы тұтынушыға 21 млн теңгені қайтаруға келісті. Ұлытау өңірінің тұрғыны жаңа автокөліктің қозғалтқышы мен кондиционер жүйесінде ақау бар екенін анықтады. Кеңестер мен келіссөздерден кейін автокөлік толықтай жаңа көлікке ауыстырылды, оның құны 9,09 млн теңгені құрады. Бұл жағдай даулы мәселені тиімді шешудің жарқын мысалы болды. Жылжымайтын мүлік нарығында да маңызды оқиғалар болды. Алматыда бір әйел келісімшартта көрсетілген мерзім өтіп кеткеніне қарамастан өз пәтерін ала алмаған. Мердігер әртүрлі себептерді алға тарттып, пәтер кілтін беруді кейінге қалдырып келген. Құқықтық кеңес алғаннан кейін оған алдын ала төленген 7,2 млн теңге қайтарылды», – делінген министрлік хабарламасында.
Шымкентте тағы бір тұрғын жеке себептерге байланысты сатып алған пәтерден бас тартқысы келген, бірақ сатушы қаражатты қайтарудан бас тартты. Департаменттің араласуының арқасында мәселе оң шешімін тауып, тұтынушы 37 млн теңгені қайтарып алды.
Батыс Қазақстан облысында ерекше оқиға тіркелді. Департамент бірден он сегіз тұтынушының құқығын қорғау үшін сотқа жүгінді. Тұрғындар жиһазға тапсырыс берген, бірақ тауарды ала алмаған. Сот талапты толық қанағаттандырып, кәсіпкерлерді 11,2 млн теңгені қайтаруға міндеттеді.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
- Қазан, 08
-
- Қыркүйек, 26
-
- Қыркүйек, 25
-
- Қыркүйек, 18
-
- Қыркүйек, 16
-
- Қыркүйек, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2025