Маңғыстаудың Қарақия ауданында бір млн зәйтүн ағашы егілмек
Маңғыстау облысының Қарақия ауданында үш мың зәйтүн ағашы отырғызылды. Болашақта олардың саны бір миллионға жетпек. Бұл туралы 365info.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Маңғыстау өңірінде ең ауқымды аграрлық жобалардың бірі – ірі зәйтүн плантацияларын құру басталды. Қазір алғашқы 3 000 зәйтүн ағашы отырғызылды, ал болашақта олардың саны 1 миллионға дейін жетуі мүмкін. Жұмыстар «Қосашы» аумағында жүргізілуде: болашақ көшеттерге 15 000 гектар жер бөлініп, ұңғымалар қазу жұмысы басталды.
Зәйтүн көшеттерін отырғызу – ауыл шаруашылығы секторын нығайту бағдарламасының бір бөлігі. 2025 жылы аудандағы 25 шаруашылық 165 гектар ашық жерге егін ексе, 8 жылыжайда жалпы аумағы 2 гектар болатын ауыл шаруашылық өнімдері өсірілді. Жыл қорытындысы бойынша шамамен 3 000 тонна өнім жиналды.
Алты шаруашылық техниканы жаңарту және тыңайтқыш алу үшін 7,5 млн теңге мемлекеттік субсидия алды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында СПК «Каспий» базасында екі жаңа кооператив құру жобасы мақұлданды.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
- Қазан, 08
-
- Қыркүйек, 26
-
- Қыркүйек, 25
-
- Қыркүйек, 18
-
- Қыркүйек, 16
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2025