Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аягөзде мұғалім қарындасын 11 жасынан бастап зорлаған

kaz.365info.kz

Аягөзде мұғалім қарындасын 11 жасынан бастап зорлаған

Аягөз қаласының жаңалықтарын тарататын жергілікті паблик жасөспірім қыздың видеосын жариялады. Онда қыз бала туысқан ағасы оны 11 жасынан бастап зорлағанын айтады. Бетін жасырмаған жасөспірім қыз қай елді мекеннің тұрғыны екенін және аты-жөні кім екенін айтпаған. Бірақ бейнежазбада құзырлы органдар ісін қарамай жатқанын және оны туысқан ағасы, ауыл мектебінде дене шынықтырудан сабақ берген Еркебек Жұмаханов есімді адам зорлағанын айтып берген. Пікір жазғандар оқиға Абай облысы, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылында болғанын жазған. Оның айтуынша, Еркебек Жұмаханов өзі тұратын ауылдың мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. «Сол ауылдың, мектептің қыздарын жыныстық қатынасқа итермелеген. Ол қыздар бас тартқан, кейбіреуі «ұят» деп үндемей отыр. Мен бүкіл қыз-келіншектердің атынан сөйлеп отырмын. Тергеуден пайда болмаған соң өз құқығымды қорғау үшін Алматыда эфирге қатыстым. Бұл жайт кез келген қыздың басынан өтуі мүмкін, сол қыздарға сабақ болсын деп айтып отырмын. «Мені зорлады, бұл ұят» деп тұншығып отыруға болмайды. Зорланғанымызға біз емес, керісінше бізді зорлағандар ұялсын. Педофилдерге көмектесіп, қара көз қыздарды қарабет қылып отырған жоғары жақтағы адамдар ұялсын», – деді ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2024