Атырауда ер адам қарт ата-анасын айуандықпен өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсады
Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы жігіт 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаменті тергеу құпиясын алға тартып, жан түршігерлік қылмыстың жай-жапсарын ашпай отыр. Осы уақытта, қауесет бойынша, кісі өлтіру болған үйден пышақ пен темір балға табылған. Үй ішінде көптеген қара қоңыр дақтар табылды.
Өткен аптада, 2024 жылдың 3 қазанында Боралдайда кішкентай қыздың айуандықпен өлтірілгені белгілі болды. Бұған оның анасы күдікті деп танылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024