Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Анаңды өлтіремін”: Алматыда 11 жасар оқушы қызды тал түсте үйінде зорлап кеткен

newsroom.kz

“Анаңды өлтіремін”: Алматыда 11 жасар оқушы қызды тал түсте үйінде зорлап кеткен

Алматыда ер адам 11 жасар қызды тал түсте, үйінде зорлап кеткен,- деп хабарлайды newsroom.kz Мас ер адам қылмыс жасаған соң қызды "біреуге айтатын болсаң, анаңды өлтіремін" деп қорқытқан. "Қызым телефон соғып, үйге белгісіз адам келгенін айтты. Қызым айқайлап көмек сұрамасын деп, аузын байлап қойыпты. Сосын еденге жатқызып, шешіндіріп, зорлаған. Ол: "сені өлтірмеймін, тек босаңсып алайық" депті. Болған соң "алғысын білдіріп, қолын сүйіпті", - дейді қыздың анасы. Деректерге сүйенсек, оқиға уақытында қыздың анасы жұмыста, үлкен қызы мектепте болған. Ал кіші қызы екінші ауысымда оқиды екен. Әйел ажырасқан, екі қызын жалғыз тәрбиелеп отыр. Ол уақытша баспанаға екі апта бұрын ғана көшіп келген екен. Жәбірленушінің анасы қылмыскерді жеке танымайтынын айтты. Күдікті Жетісу облысының 38 жастағы тумасы. Жұмыссыз, тұрғылықты жері жоқ, ішімдікке салынған. Полиция мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2024