Ақтауда есірткі сатқан тұрғын ұсталды
Ақтауда полицейлер жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі сатқан жергілікті тұрғынды құрықтады. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған,- деп хабарлайды newsroom.kzПолиция мәліметінше, қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын “мефедрон” синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталған.
Айта кетелік, ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024