Кәсіпкерді жанұясымен бірге өлтірген үш адам сотталды
Петропавлда кәсіпкерді жанұясымен өлтіріп кеткен үш адамға қатысты сот үкімі оқылды. Жерлеу рәсімі бизнесімен айналысатын отбасын бәсекелестері былтыр желтоқсан айында бауыздап кеткен. Ал оның кәмелетке толмаған ұлының денесі өз ауласынан табылған. Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған үш адамның екеуі ерлі-зайыптылар. Олар да бұған дейін жерлеу қызметін көрсетіп келген. Олар марқұмдардың үйінен 100 мың теңге мен құны 2 млн теңге болатын бағалы заттарды қолды қылған. Сондай-ақ бүтіндей отбасы мүшелерінің өліміне жерлеу рәсімімен айналысатын 42 жастағы Ирина Скорбогатованың қатысы бар деген болжам айтылған. Өйткені ол күдіктінің бірімен жақын байланыста болып, тіпті бір үйде бірге тұрып жүрген. Осылайша сот оның сыбайласын өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал оның серіктесіне сот 21 жыл 8 ай жаза кесті. Ал бақталасын өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған. Скоробогатова үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот тергеу кезінде оның кінәсі дәлелденбегенін айтады. «Бастапқыда сотқа дейінгі тергеу органы мен мемлекеттік айыптаушылар Скоробогатоваға қылмыстық топпен алдын ала сөз байласу арқылы екі адамды өлтіруге итермеледі деген айып таққан. Алайда сотқа бұл күдікті растайтын жеткілікті дәлелдемелер ұсынылмады. Осылайша сот оған аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін ҚР ҚК 434-бабы бойынша жаза кесті», – деді судья Айдарбек Бекқожинов.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024