ІІМ: Түркістанда экстремистік ұйым тобы жойылды
ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Кентау қаласында “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының жасырын тобын жойды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Полиция мәліметінше, бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізуге бағытталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды.
Сондай-ақ, топ мүшелері “Хизб-ут-Тахрир” шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған.
Полиция ақпаратына сәйкес, топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024