“Қазхром” кәсіпорнында тағы бір жұмысшы мерт болды
Компанияға қарасты Дөң тау-кен байыту комбинатында биіктен құлаған жұмысшы ауруханада жатып көз жұмғаны анықталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
«4 қараша күні «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы - Дөң тау-кен байыту комбинатында монтаждау жұмысын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлап кетті. Компания оған кәсіби медициналық көмек көрсету үшін бар күшін салды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күресті. Өкінішке қарай, құтқару мүмкін болмады», – делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.
Айта кетелік, қазір оқыс оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024