Алматы облысында балғамен әйелінің басын жарған ер адам ұсталды
Бұл туралы жәбірленуші әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба айтып берді. Қарасаай ауданының ауруханасында жатқан жәбірленушінің айтуынша, жұмыста уақытында күйеуі келіп, оның басынан бірнеше рет балғамен ұрған. Соққы салдарынан әйелдің басы жарылып, екі қолындағы сүйектері сынған.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша полицияда қылмыстық іс қозғалды.
— Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында заңды шешім қабылдай отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады. Тергеу барысы бақылауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 қараша 2024