Оралда әскерге барудан қашқан т рт жігіттің бірі ауыр халде жатыр
БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Альберт Бекмұхановтың мәлім еткеніндей, оқиға 1 желтоқсанға қараған түні болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Оның сөзіне қарағанда, 30 қараша күні төрт әскерге шақырылушыны полиция қызметкерлері алып келген
– Түнгі сағат 02.00-де үшінші қабатта терезеге биыл қондырылған темір торды сындырған. Тоғыз одеялоны, соның ішінде үшеуін жыртып бір-біріне байлап, үшінші қабаттың терезесінен секірген. Сол кезде олардың біреуі ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем шақырылып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Департамент және медициналық қызмет бастығы барып, халін білді, қазір жағдайы өте нашар, — дейді А.Бекмұханов.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 желтоқсан 2024