Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Дәл қазір 200 мың теңге ал»: Қалтасы жұқа халық қаржы ұйымдарының «қақпанына» түсіп жатыр

baq.kz

«Дәл қазір 200 мың теңге ал»: Қалтасы жұқа халық қаржы ұйымдарының «қақпанына» түсіп жатыр

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, өткен жылы 16 мыңнан астам азамат пайыздың тым көптігін айтып, несие беретін ұйымдардың үстінен арыз жазған. Ал соңғы жарты жылда мұндай шағымның 6 мыңнан астамы келіп түскен. Жұмыс орныңнан анықтама талап етпейді, зейнетақы жарнасы туралы құжат сұрамайды, сол себепті де жұрт осындай ұйымдарға жүгініп жатады. Қызметтің бұл түрі клиенттен жеке басты куәландыратын құжат қана талап етеді. Әрі мәселе үйден шықпай, телефон арқылы шешілетін болған соң, онлайн займнан оңай дүние жоқтай. Алайда, ақшаны оңды-солды үлестіретін мұндай шағын несиелік ұйымдар қалтаңызды 15 минутта «қампайтқанымен», қарызды қайтарар кезде «бас ауруыңызға» айналуы мүмкін. Мейір Қайы
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024