Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Halyk bank 2023 жыл үшін төленетін дивиденд көлемін бекітті

kz.kursiv.media

Halyk bank 2023 жыл үшін төленетін дивиденд көлемін бекітті

Halyk bank 2023 жыл үшін төленетін дивиденд көлемін бекітті. Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешім және сырттай дауыс беру нәтижесінде банк 1 жай акциясы үшін 25,43 теңге төлемек.

Дивиденд төлеу 2024 жылғы 3 маусымда басталады. 2024 жылғы 15 мамыр күні дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалады.

Бұған дейін Halyk Bank акционерлеріне әр акцияға 25,43 теңге төлеуді ұсынған болатын. Төлем коэффициенті 2023 жылғы таза пайданың 40%-ын құрауы тиіс еді. Соған сәйкес, жалпы төленетін дивиденд көлемі былтырғы 693,4 млрд теңге таза пайданың шашамен 277 млрд теңгесін құрайды. 2022 жылы банк 1 жай акцияға 25,38 теңге (569 млрд теңге таза пайдадан 276,1 млрд теңге) төлеген.

Қазақстан миноритар акционерлері қауымдастығының есебі бойынша, банк акцияларының кірістілігі 11,9%-ды құрауы мүмкін.

Жақында Halyk Bank өз дивиденд саясатына өзгерістер енгізді. Енді банк жай акциялары бойынша жылына екі рет дивиденд төлейтін болады. Қазақстан заңнамасы талаптарын сақтай отырып, одан артық төленбейді. Ал 2015 жылы бекітілген дивиденд саясатында бір жылда бір-ақ рет төленетіні жазылған.

Халық банкінің негізгі акционерлері – Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Олар ALMEX холдингі арқылы банктің 56,4%-ын иеленеді. Акцияның 23,14%-ы номиналды тұлға ретінде әрекет ететін және Лондон қор биржасында сатылатын депозитарлық қолхат шығаратын Bank of New York банкіне тиесілі.

Қаржы ұйымы Қазақстан қор биржасына 1998 жылы, Лондон қор биржасына 2006 жылы және Astana International Exchange 2019 жылы бағалы қағаздарын орналастырған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 мамыр 2024