Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жер сілкінісінен кейін қазақстандықтар өмірін емес, тұрғын үйлерін сақтандыруға асықты

kz.kursiv.media

Жер сілкінісінен кейін қазақстандықтар өмірін емес, тұрғын үйлерін сақтандыруға асықты

Қазақстанда 6,4 млн адам өмірін сақтандырған. Алайда олардың 1,5%-ы ғана өз еркімен мұндай қадамға барған. Тіпті қаңтардағы жер сілкінісінен кейін қазақстандықтар өмірлерін емес, тұрғын үйлерін сақтандыруға асыққан. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында Halyk Life компаниясының төрайымы Жанар Жұбаниязова айтты.

«Бізде өз өмірін сақтандырған 6,4 млн қазақстандық бар. Оның 80-100 мыңы ғана өмірді жинақтаушы ерікті сақтандыру шарттары. Яғни, бұл саналы түрде осы қадамға барғандар саны. Қалғандары несие алғанда өмірлерін сақтандырған. Банк тұтынушылық несиені рәсімдеген кезде өмірді сақтандыруды сұрайды. Қазір қазақстандықтар арасында ең танымал сақтандыру – бұл «Құдай сақтасын!», – деп түсіндірді Жанар Жұбаниязова.

Қазақстанда халықты ерікті өмірді сақтандырумен қамту деңгейі 0,8%-ды ғана құрайды. Мәселен, көрші Ресейде бұл көрсеткіш 3%, әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі – Қытайда – 82%, АҚШ пен Канадада – 54%, Жапонияда – 95%.

«Мәселен Жапонияда өмірді сақтандыру барынша кіріктірілген. Онда пәтер жалдаған кезде өмірді сақтандыруды сұрайды. Ол болмаса пәтер сізге жалға берілмейді. Себебі жалға алушы қайтыс болған жағдайда жалдау ақысын кім төлейді? Сондай-ақ, мұндай өнімді сұлулық салондары, спорт ұйымдары, стоматологтар, емханалар және т.б. қызметтеріне біріктіруге болады», – деді спикер.

Ал «Қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту» тұжырымдамасына сәйкес бұл нарықтың қызметтеріне сұраныс деңгейі халықтың 7%-нан аспайды. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалған өмірді сақтандыру шарттарының саны 80-100 мыңды құрайды.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа сақтандыру сыйлықақысы 40 долларды құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш сәл жоғары – 60 доллар. Ал Қытайда – 300 доллар, АҚШ пен Канадада – 2,5 мың доллар, ең жоғары көрсеткіш – Жапонияда – 3,5 мың доллар.

Қазақстанның ЖІӨ-дегі сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 0,4% (Ресейде 5%). Номиналды жалақыдан сыйлықақы мөлшері 6,4% құрайды. Бұл ретте бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы соңғы бір жылда мұндай өнім бойынша жасалған келісімдер саны үш есеге өскенін хабарлаған болатын.

Жанар Жұбаниязованың пайымынша, халықтың тұтынушылық әлеуетінің төмендеуі ықпал етіп отыр. Сонымен қатар халықтың борыштық жүктемесі де жоғары деңгейді. Айта кететіні, елімізде 20 млн адам тұрса, оның 8,5 млн-нының несиесі бар.

«Тағы атап өтетін фактор, қаржылық сауаттылық, оның ішінде сақтандыру мәдениетінің төмендігі. Бұған қоса сақтандыру ұйымдарына және жалпы салаға халықтың сенімінің төмендігі саланың дауын тежеуде», – деді компания басшысы.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, саланы цифрландыру төмен деңгейде.

Өмірді сақтандыру үлесінің артуы нарықтың өсуіне және сәйкесінше кірістің артуына ықпал етеді. Жұбаниязова бұл ретте кіріктірілген сақтандыруды насихаттау басты рөл атқара алатынын атап өтті. Болашақта компаниялар адамның өміріне және жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін өнімдерді жасай алады.

«Өмірді ерікті сақтандыру саласының өсу әлеуеті қазіргі нарықтық деңгейден 5 есе жоғары. Бұл көрсеткіш 250 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін», – деп атап өтті спикер.

Осы ретте саланы дамыту экономикалық тұрғыдан тиімді. Мысалы, ел экономикасына ұзақ мерзімді инвестицияның маңызды көзі болып табылатын сақтандыру резервтері артуы мүмкін.

«Сонымен қатар, келеңсіз жағдайлар туындаған кезде азаматтарды қорғау деңгейін арттыру арқылы қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс болмайды. Сондай-ақ өмірді ерікті сақтандырудың танымалдылығының артуы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамуына әлеуетті әсер етуі мүмкін», – деді компания басшысы.

Осы мәселелерді шешу үшін Halyk Life басшысы халықтың қаржылық сауатын арттыру керек деп есептейді.

«Мәселен, жоғары оқу орындары мен мектептерде қаржылық сауаттылық сабақтарын өткізу керек. Сондай-ақ сақтандыру қызметтері туралы ақпаратты жеңілдетіп, оны кез келген арналар арқылы қолжетімді ету ұсынылады», – деді спикер.

Оның айтуынша, цифрландыру тұрғысынан сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін және кәсіби стандарттарды енгізу арқылы мұндай өнімдердің сапасын арттыру қажет. Өнімді осындай қызметтердің кепілдендірілген түрлерінің тізіміне енгізу де маңызды.

Қазақстандық сақтандырушы компаниялар жасанды интеллекті бизнес-процестерге қарқынды енгізе бастады. ЖИ фотосуреттерден көліктің қаншалықты зақымдалғанын анықтайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024