Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ертіс өңірінде соңғы бес жылда орман қоры ұлғайған

baq.kz

Ертіс өңірінде соңғы бес жылда орман қоры ұлғайған

Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының жетекшісі Руслан Түлепбаевтың хабарлауынша, жас көшеттердің жерге бейімделіп, өсу көрсеткіші 60 %-тен 80 %-ке жеткен. 2020 жылғы жоспар бойынша мемлекеттік орман қорының аумағында 110 гектар жерге қылқан жапырақтылар отырғызылды. Күзде тағы 49 гектар жерге ағаш отырғызылады. Мамандардың айтуынша, осы жылы орман жабындысы бар алқаптарды мемлекеттік қорға ауыстыру бойынша «Жол картасы» бекітілді. Құжат негізінде аудан аумақтарында мәртебесін ауыстыруға жататын 9 мың гектардан астам есептелмеген жер анықталды. Бүгінгі күнге дейін 8 мың гектар жер тексерілді. Олардың 5 мыңнан астамы мемлекеттік қорға жатады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024