Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті

inform.kz

Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға бүгін, 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде болды. «Бүгін «ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды», - деп хабарлады «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев. Мәлім етілгендей, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024