Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

4 млрд теңгеге жуық қаржыны алаяқтықпен қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

almaty.tv

4 млрд теңгеге жуық қаржыны алаяқтықпен қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

Алматыда 4 млрд теңгеге жуық қаржыны алаяқтықпен қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жылдары оған бағынышты 7 компания арқылы қомақты қаржыны қолма-қол ақшаға аударған 6 сыбайластың жолын кесті. Қылмыстық топтың құрамында бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен бір банктің бөлімшесінің басшысы бар. Олар Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі, яғни нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бабы бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топ жымқырған қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024