Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» басшысының бұрынғы орынбасарына үкім шықты

turkystan.kz

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» басшысының бұрынғы орынбасарына үкім шықты

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін 72 млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А. Өсербаев 72 млн теңге сомасында параның отыз еселерген мөлшеріндегі айыппұл төлеу жазасына тартылды. Ол биылғы 17 ақпанда «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевтан 2,4 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген еді», – деді Данияр Бекайдаров онлайн режимден өткен брифингіде.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024