Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайда 2 миллионға жуық адам құрғақшылықтан зардап шегуде

inform.kz

Қытайда 2 миллионға жуық адам құрғақшылықтан зардап шегуде

Цзянси провинциясында (Шығыс Қытай) шілде айының ортасынан бері қатты құрғақшылық 1,38 миллионнан астам адамға әсер етті. Қытайдың осы провинциясының әртүрлі аймақтарында 11 мыңға жуық адам ауыз су тапшылығына тап болды. Сейсенбі күні Цзянси провинциясында аптап ыстыққа байланысты қауіптіліктің ең жоғарғы қызыл деңгейі жарияланды. Сонымен қатар Чунцин қаласында (Оңтүстік-Батыс Қытай) құрғақшылықтан 600 мыңнан астам адам зардап шекті. Дүйсенбіде қалалық су тасқыны мен құрғақшылықты бақылау штабы мегаполистің бірнеше ауданында төтенше жағдайға қарсы әрекет етудің қызғылт сары деңгейін жариялады. Құрғақшылық Қытайдың осы әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі ауыл-шаруашылығы өнімдеріне айтарлықтай зиянын тигізді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытай билігі ел аймақтарындағы құрғақшылық салдарын жоюға 30 миллионға жуық АҚШ долларын бөлген. Фото: AFP PHOTO
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024