Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Назарбаев оны алдап кетті – Сейдахмет Құттықадам

kznews.kz

Назарбаев оны алдап кетті – Сейдахмет Құттықадам

Мемлекет және қоғам қайраткері, оппозиционер Балташ Тұрсымбаев 76 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 1990 жылдары республикадағы жоғары лауазымды қызметтер атқарған оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қызметтен шеттеткені айтылады. Белгілі публицист Сейдахмет Құттықадам Halyq Uni тілшісіне замандасы Балташ Тұрсымбаевтың саяси мансап жолындағы күреске толы өмірі турасында әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Тұрсымбаевтың Қазақстан билігіне қатысты өткір сын айтып, сол тұстағы басшы Назарбаевпен ашық келіспеген. Оның батыл көзқарасы мен ұстанымы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұнамаған. «Балташ менің досым, отыз жыл бойы дос болдық. Өте керемет азамат, оның өмірбаяны өте бай. Өзі Омбы облысында туған, институтты бітірген соң өмір бойы Қазақстанда жұмыс істеген. Қарапайым бөлім зоотехнигінен бастап, премьер-министрдің орынбасары қызметіне дейін жеткен. Барлығы өз еңбегімен. Кейін Назарбаевтың үкіметіне барған соң, бастапқы кезеңде Назарбаев оны жақсы пайдаланды», – деп еске алады Сейдахмет Құттықадам.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024