Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҚО-да 2 тұрғын үй қорасымен бірге өртеніп кетті

inform.kz

БҚО-да 2 тұрғын үй қорасымен бірге өртеніп кетті

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін, сағат түскі 2 шамасында Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылында болды. Әуелі Әбдірахманов көшесінде шөп қора жанған. Содан күшті желдің салдарынан өрт Б.Жәнекешев көшесі, 105 және 180-үйлерге ауысып, үй мен қора-қопсыларымен түгелдей жанып кетті. Оған қоса тағы екі үйдің қорасы мен бір үйдің гаражы отқа оранды. Ірі өртті ауыздықтауға жергілікті тұрғындар, техникалармен қатар көршілес аудандар мен Орал қаласынан өрт сөндірушілер тартылды. Сағат 18.12-де беті қайтқан өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екпінді жел аудандық сот ғимаратының шатырын ұшырып әкеткенін жазған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024