Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан «күміс» алды

inform.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан «күміс» алды

Аталған сайыста әлемнің 32 елінен келген 135 спортшы бақ сынады. Ерлер арасында үздік 16 мергеннің қатарына Қанат Қасымхан, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев қосылды. Олардың арасынан Қанат Қасымхан финалға шығып, түркиялық Оғыз Оқшымен күш сынасты. Жарыс барысында ол қарсыласынан 2 ұпайға жеңіліп, күміс медальға қол жеткізді. Бұл - қазақстандық спортшылардың дәстүрлі садақ атудан халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі. Еске салсақ, көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынасады. Олардың қатарында көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көкбөрі бар. Еске салсақ, дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024