Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатар-2022: Марокколық қақпашы ойын басталмастан алмасып кетті

inform.kz

Қатар-2022: Марокколық қақпашы ойын басталмастан алмасып кетті

Марокколық қақпашы Яссин Боно алғашқыда негізгі құрамда алаңға шығып, ойын басталмастан орнын Моханд Мунирге босатып бергені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға барысы былайша өрбіген. Яссин Боно негізгі құрамда алаңға шықты, одан кейін әнұранды орындады. Қарсылас құрама ойыншыларымен қол алысты. Содан кейін орнын әріптесі Моханд Мунирге босатып беруге мәжбүр болды. Оған басты себеп ретінде Яссин Бононың ойын алдындағы жаттығу барысында алған жарақаты айтылуда. Марокко құрамасының бас бапкері Валид Реграгуи оны алғашқыда негізгі құрамға қосты. Дегенмен футболшының денсаулығына зиян тимеуі үшін оны ойын басталмастан басқа қақпашыға ауыстырған. Еске салсақ, F тобында сынға түсетін Марокко құрамасы сенсация жасап, Бельгиядан басым түсті. Аталған құрама бірінші турда Хорватиямен тең ойнады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024