Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан бойынша бүкіл республикалық жолдар ашық

inform.kz

Қазақстан бойынша бүкіл республикалық жолдар ашық

Ведомство мәліметінше, республикалық маңызы бар тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеуге 230 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылған. Демалыс күндері күре жолдарға 300 м3-тен астам құм-тұз қоспасы себілді. 26-27 желтоқсан аралығында еліміздің 9 өңірінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40-тан астам рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолшылар республикалық трассаларда қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдар ашық. ҚазАвтоЖол мамандары жолдың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Өткен демалыс күндері 1403 қысқа нөміріндегі call-орталыққа республикалық трассадағы жолаушылардан 2000-нан астам қоңырау түскен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024