Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түрксіб ауданына қосымша 448 бейнебақылау камерасы орнату жоспарлануда

almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданына қосымша 448 бейнебақылау камерасы орнату жоспарлануда

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің м.а. Е.А. Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. Түрксіб ауданының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың қараша айынан бастап 174 мекенжайда 322 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары басталды. Жұмыстар 2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады. Сонымен бірге 2023 жылдың сәуір айында 96 мекенжайда 448 «Сергек» камерасын өндірістік пайдалану мақсатында іске қосу жоспарлануда. Осы жылдың соңына дейін жер үстіндегі жаяу жүргіншілер жолындағы көтергіш құрылғыларды қалпына келтіру жұмыстары аяқталады (Майлин көшесі мен Сүйінбай даңғылы бойында). Қазірдің өзінде вандализмнің алдын алу үшін 30 бейнебақылау камерасы орнатылды, оны Түрксіб ауданының полициясы көре алады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024