Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екібастұз тұрғындарына жылу үшін төлем қайта есептеледі

almaty-akshamy.kz

Екібастұз тұрғындарына жылу үшін төлем қайта есептеледі

Екібастұз тұрғындарына жылумен жабдықтау саласындағы қызметтер үшін қайта есептеу жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Компания жылумен жабдықтау саласындағы қызметтер үшін толығымен қайта есептеу жүргізеді, барлық тұрғындарға өтемақы төленеді», - деді Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Әбілқайыр Сқақов Екібастұзда өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ оның айтуынша, электр энергиясы үшін шығындарды өтеу мәселесі пысықталуда. Шығындарды жабуды «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясына» (ОАЭК) жүктеу жоспарланған. «Нормативтерге сәйкес, қала тұрғындары әдетте шамамен 32 МВт электр энергиясын тұтынады, жылытқыштар таратылғаннан кейін ол 50-52 МВт-қа дейін өсті. Біз KEGOC-тан деректерді көріп отырмыз, егер тұйықталу немесе басқа да проблемалар туындаса, бригадаларды жібереміз», - деп толықтырды Ә. Сқақов. Бұған дейін Екібастұздағы төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған мамандар марапатталатыны хабарланған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024