Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейлік белсенді "Қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен шартты жазаға кесілді

azattyq.org

Семейлік белсенді Қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айыппен шартты жазаға кесілді

29 қарашада Семейдегі сот белсенді Мұхит Түгелбаевты Қаңтар оқиғасында "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен бір жыл бір ай шартты жазаға кесті.Белсенді прокуратурамен процессуальды келісімге келген. Ол тергеу және сот кезінде қамауда отырғандықтан енді төрт ай жазасын өтеуі тиіс.Түгелбаев айыбын мойындамайды, ол Азаттыққа әкімдік ғимаратын қорғанын айтады. Сот үкімімен келіспеймін деген белсенді шартты жазасы біткен соң елден кетуді жоспарлайды.- Әкімдікті қорғағаным үшін маған мақтау қағазын бере ме десем, керісінше қылмыскер етіп қойды. Төрт ай тез өтсе екен, Қазақстаннан кетер едім. Мұндай мемлекетте өмір сүргім келмейді. Халық жақсы, бірақ билікті сынға аламын, - деді Түгелбаев.Бұған дейін Түгебаев Азаттыққа әкімдікті қорғау үшін полицияға хабарласып, ғимаратты қорғауға шақырғанын айтқан. Сөзінше, полициядағылар әкімдікке келуден бас тартып, телефонды қоя салған.Түгелбаевтың айтуынша, 6 қаңтарда Семейдегі полиция басқарамасына жеткізіп, сол жерде азаптаған. 18 қаңтарда оны Өскемендегі тергеу изоляторына жеткізген. Белсенді Өскеменде де азапталғанын айтқан. Кейін оны Өскеменнен Семейге қайта әкелген.Сәуірде Түгелбаев өзін қамауда ұстағанына наразылық білдіріп, аштық жариялаған. Кейін 5 шілдеде белсендіні үйіне жіберген. Ол қамауда азапталдым деп шағым түсіргенімен, кейін іс жабылып қалған.Мұхит Түгелбаев қамалғанға дейін ұялы байланыс операторында аймақтық менеджер болып жұмыс істеген және әуесқой лигадағы футбол командасында ойнаған."Медиазона" сайтының жазуынша, 5 қаңтар кешкісін Семейде кемі мың адам әкімдік алдына жиналған. Олар жергілікті билік пен үкіметтің отставкасын талап етіп, сол маңдағы полицейлерді өздеріне қосылуға шақырған. Кешкі 20.00-ге таман наразылыққа келгендер мен полиция арасында қақтығыс болып, орган қызметкерлері шулы әрі газды граната қолданған. Әкімдік алдында атыс дауысы да естілген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024