Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар облысында 43 елді мекенді су басу қаупі бар

baq.kz

 Павлодар облысында 43 елді мекенді су басу қаупі бар

Жауапты департамент бастығының айтуынша, қазіргі уақытта алдын алу жұмыстары басталып жатыр. «ҚазГидромет» облыстық филиалының деректеріне сәйкес қар жабылғысының жоғары көрсеткіші байқалады, 14 сантиметр. Ал түскен жауын-шашын көлемі 25%-ға артық. Жер тоңының қатуы өткен жылмен салыстырғанда 38-ға артық. Ауа райының күрт жылынуы қардың қарқынды еруі мен еріген су мөлшерінің көбеюіне әкелуі мүмкін. Салдарынан төмен учаскелердегі жерлерді су басуы мүмкін, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев. Мамандар тобы су тасу маусымына дайындығын пысықтау мақсатында қар көп түскен елді мекендер тексерілді. Нәтижесінде алдын алу шараларының тиісті деңгейде жүргізілмегені анықталған. Ақтоғай, Баянауыл, Тереңкөл, Шарбақты, Аққулы, Май аудандарына және Екібастұз қаласына барып келдік. Тексеру нәтижесінде аудан орталықтарын қоспағанда ауылдарда қарды шығару тиісті деңгейде жүргізілмейтіні анықталды. Тазалау шаралары қаңтардың екінші жартысында басталды, бірақ, бұған дейін шығарылған жоқ, - дейді департамент басшысы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024