Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жайық өзені ең жоғары деңгейіне қашан көтеріледі

baq.kz

 Жайық өзені ең жоғары деңгейіне қашан көтеріледі

Жайық өзеніне Ресей жағы келетін үлкен су ағыны күтіліп отыр. Ол наурыз айының аяғы болады деп болжап отырмыз. Жайықта қазір мұз еріп жатыр. Жергілікті кіші өзендердің ағынынан Жайық өзенінің Орал қаласындағы деңгейі 472 см-ге көтерілді. Бірақ қазір 408 см қалыпты деңгейіне түсті. Ириклинский су қоймасының жағдайына күнделікті түрде мониторинг жасалып тұрады, - деді Есмағамбетов. Нұрлан Есмағамбетовтың айтуынша, ол жерде 2 млн 180 текше метр су бар. Ол жерден 15 шаршы метр су ағып жатыр. Ол жақтағы су еру процесі басталмады. Башқұртстаннан келетін Сақмара деген өзеннің жағдайын тексеріп жатырмыз. Судың ағысы наурыз айының аяғы деп күтіліп отыр. Ол жерде мұзды жаруға арналған құрал-жабдықтар жасалып, арнайы мамандар күтіп отыр. Ең қауіпті деңгей - 850 метр, - деп айтты ТЖМ өкілі. Сөзінше, әзірше Ресей жағындағы өзендердің мұзы ерімеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024