Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру басты назарда

almaty-akshamy.kz

Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру  басты назарда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне азамат Г.В.Ли атынан сенімхат бойынша әрекет ететін О.С.Тәжібаева 2014 жылдан бері жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды ресімдей алмай келе жатқаны туралы шағымданады.

Ол 2011 жылы жерді сатып алғаны туралы мәмілені заңды түрде нотариалды ресімдеп, оны уәкілетті органда тіркей отырып, Алматы облысында жер учаскесін сатып алған. Араға үш жыл салып, яғни 2014 жылы Президенттің №789 Жарлығымен Алматы қаласының шекараларының кеңеюіне байланысты аталған жер учаскесі Алматы облысынан Алматы қаласына қосылғаны белгілі. Міне дәл сол кезде қаржылық қиындықтар мен мүмкіндіктің болмауына байланысты жер құжаттарын қайта ресімдей алмайды.

Кейінірек, 2023 жылы көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне мемлекеттік актіні одан әрі алу мақсатында жерге орналастыру жобасын бекіту үшін Алматы қаласының жер қатынастары басқармасына жүгінеді. Алайда ол ақпараттық жүйеде жер учаскесінің меншік иесі туралы мәліметтердің жоқтығына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартты.

2024 жылы департаментке өтініш білдірген соң, департамент өтініш берушінің құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдады.

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша департаменттің ұсынуымен бұрынғы облыстық мемлекеттік актісі бар жер учаскесіне Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында жаңа мекенжай беріледі. Осыған сәйкес Алматы қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалында ақпараттық жүйелерде тиісті түзету жасалынады.

Кейіннен Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының Жылжымайтын мүлік басқармасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілген.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша ақпараттық жүйеге жер учаскесінің меншік иесі туралы ақпарат енгізіліп, Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы жерге орналастыру жобасын бекітеді. Осылайша қызметті алушыға жер учаскесіне жаңа мемлекеттік актіні алуға одан әрі құқық берді.

Нәтижелерге қанағаттанған қызметті алушы департаментке ұзақ мерзімді проблеманы шешкені және оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіргені үшін алғыс білдірді.

.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024