Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тайваньда тағы жер сілкінісі тіркелді

almaty-akshamy.kz

Тайваньда тағы жер сілкінісі тіркелді

Сенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:21-де Тайваньның Хуалянь округіне жақын теңіз аймағында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік бойынша 24,08, шығыс бойлық бойынша 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 30 км тереңдікте жатыр.

Сағат 02:49-да дәл осы ауданда магнитудасы 5,3 болатын жерасты дүмпулері тіркелді.

Мұндағы жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендікте 24,21 градус, шығыс бойлықта 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 27 км тереңдікте.

Бұған дейін сәуір айының басында Тайвань жағалауында магнитудасы 6,5-ке дейін жететін 20-дан астам жер сілкінісі тіркеліп, салдарынан 13 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 мамыр 2024