Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада қала маңына қатынайтын барлық автобус тоқталды

baq.kz

Елордада қала маңына қатынайтын барлық автобус тоқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) қала маңына қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты қала ішінде жүретін автобустар қозғалысын барынша баяулатты, сол себепті бағдарлар кестедегі уақытынан қалып жүруі мүмкін, - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, таңертең елордада екі автобус жол көлік оқиғасының себепкері болған еді. Сондай-ақ, ауа райына байланысты елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі кешіктірілген еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024