Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құлақ шуылдауының 7 түрлі қауіпті себебі

bilimdiler.kz

Құлақ шуылдауының 7 түрлі қауіпті себебі

Құлақ шуылдауының 7 түрлі қауіпті себебі

Әдетте құлақ шуылдаса көпшілігіміз оны қалыпты құбылыс санап, елемей қоя саламыз. Бұл дұрыс емес екен. Отоларингологтар құлақ шуылдауының бірнеше себебі бар дейді. Әсіресе құлақтағы шу үнемі ұйқы алдында қайталанатын болса немесе ол бірнеше күнге созылса, бас айналуына ұласса, онда ойлануға тура келеді.

1. Артериалдық қысымның артуы

Егер құлақ шуылы көбіне ұйқы алдында сезілетін болса, ол аздап бас айналғандай сезім тудырса, бұл жүрек ауруының белгісі болуы мүмкін. Құлақтағы шуыл басталғанда көз алды қарауытуы, кеуде тұсының ауырсынуы инсульт қаупі барын білдіреді. Мұндайда қалыпты кездегі және құлақ шуылдап тұрған сәттегі қан қысымын өлшеңіз. Болмашы айырмашылық сезілсе де бұл жайында кардиологқа хабарлағаныңыз жөн. Жүрек қызметін тексертіп, тиісті ем алыңыз.

2. Ми тамырларындағы атеросклероз

Атеросклероз кезінде тамырлар созылғыштығын жоғалтады. Мұндайда қан қозғалысына қарай кейбір тұстарда кептеліс сезілуі мүмкін. Ол бастағы есту қабілетін реттейтін жүйке талшықтары қысады да, содан құлақта шу туындайды. Кейде ол дене қызуы көтерілгенде, ағзаға физикалық салмақ түскенде, ортаңғы құлақ суықтағанда да шуылдайды. Бұл жағдайлардан тыс кездегі жиі байқалатын құлақ шуылы невропатологқа көріну керектігін білдіреді.

3. Отит

Құлақ суықтағанда да шуылдайды. Отит белгісінде онда қызару, ысу, ұстағанда ауырсыну, естудің нашарлауы байқалады. Асқынса іріңдеуі де мүмкін. Әдетте отит шомылғанда құлақ қуысына су кіруінен, оны тазалағанда жарақаттап алу салдарынан болады. Респираторлық вирус та отитті туындатуы мүмкін. Отоларингологтан ем алу керек.

4. Бас сақинасы

Оның негізгі белгісі – бастың бір жағының тоқтаусыз, сынып ауыруы мен сол тұстағы тамырдың қатты соғуы. Құлақтағы шуыл соның салдарынан болады.

5. Отосклероз

Құлақ ішіндегі орта қуыста сүйек тіні өсуінен болатын созылмалы, қауіпті ауру. Бұл кезде құлақтағы тоқтаусыз жалғасады, алдымен бір құлақта байқалғанмен, көп ұзамай екінші құлаққа өтеді. Ол басты ауыртады, естуді нашарлатады, мұның соңы саңыраулыққа соқтырады. Отосклероз әдетте жасөспірім кезде басталады. Әсіресе әйелдерде көп кездеседі.

6. Шашыраңқы склероз

Құлақтағы шу бас айналу, жүрген кезде теңселу тудырса, денеде құмырсқа жүргендей тітіркену болса, бұл жүйке жүйесі жұмысының зақымдалуын білдіреді. Шашыраңқы склероз – ми жұмысын бұзатын ауру. Бұл диагнозды тәжірибелі дәрігер ғана тиісті зерттеу - сынамалар арқылы анықтай алады. Емі өте ұзаққа созылады.

7. Невринома

Бұл есту жүйкесінің қатерлі ісігі. Әдетте ол құлақтағы шуылдың уақыт өте келе үдеуі, бас айналуына ұласуы, естудің нашарлауынан басталады. Бұл білдірмей, баяу басталатын қауіпті ауру. Алғашқыда құлақ тұсы миды қоса шыңылдатып, тез өте шығатындықтан көп адам оған мән бермейді. Кенеттен құлақ тұсы шың ете қалғанда адам теңселіп немесе әлденеге шалынып қалғандай күй кешетін болса, онда дәрігерге көрінген дұрыс. Өйткені невринома есту қабілетін жояды, беттің жансыздануы, көрудің әлсіреуіне де себеп.

Осы жағдайларға мән бере отырып, құлақ жиі шуылдайтын болса уақыт тауып, дәрігерге көрінгейсіз. Денсаулық бәрінен қымбат емес пе?

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024