Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда әйелін пышақтап өлтірген күдікті 15 жылға сотталды

ktk.kz

Алматыда әйелін пышақтап өлтірген күдікті 15 жылға сотталды

Сот мәліметіне сәйкес, осы жылдың қаңтар айында сотталушы 3. бірнеше сағат бұрын қызын көру үшін демалыстан оралған әйелімен кездесіп, алдағы ажырасу туралы сөйлеседі. Әйелімен алдағы ажырасу туралы әңгімелесу кезінде қызғаныш пен ашулық танытқан 3. жәбірленушінің мойнына, жамбасына және ішіне ас пышақпен көптеген соққы (барлығы он пышақ жарақаты) жасаған, алған жарақатынан әйел сол жерде көз жұмды.

Әрі қарай ол әйелінің ұялы телефоны арқылы жәбірленуші жұмыс істеген серіктестіктің шотынан өзінің жеке кәсіпкерлік есепшотына 4 700 000 теңге аударған. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

- Сот үкімімен З. кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған азаматтан «С» ЖШС-нің пайдасына 4 700 000 теңге материалдық залал, сонымен қатар бес жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 20 000 000 теңге моральдық шығын өндірілді, - деп хабарлады сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 желтоқсан 2024