Оралда қыздың көпірден секіруіне байланысты қылмыстық іс қозғалды
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға 25 қараша күні шамамен сағат 14.20-да болды, деп жазады kazinform.
«Шаған өзеніндегі көпір маңынан өтіп бара жатып, полиция қызметкерлері, полиция подполковнигі Ернұр Берікқалиев пен полиция майоры Арсен Самиев қыздың секіргенін байқаған. Көмекке асыққан полицейлер судағы қызға құтқару шеңберін лақтырып, соның арқасында ол қауіпсіз жерге шыққан. Содан кейін оқиға орнына құтқарушылар, жедел жәрдем бригадасы жеткен. Қазіргі таңда қыздың жағдайы жақсы. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2024