Сүйген жігітін пышақтаған қыз сотталды
Кездесуде жігіт қызды ала алмайтынын, басқа қызға үйленетінін, ата-анасы келіссе, кейін екінші әйелдікке алатынын айтады. Осы кезде жас жігіт ұялы телефонынан үйленетін қызының суретін көрсетеді. Қыз ашуланып, көлікте тұрған асхана пышағын жігітке 4 рет сұғып алған.
Жас жігіт алған жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды.
Жағдайға қатысты сот ісі Қарши қалалық Қылмыстық істер бойынша сотында қаралды.
Сот үкімімен айыпталушы қыз Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 104-бабының 2-бөлігінің «л» тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 57-бабына сәйкес 3 жыл 11 айға бас бостандығы шектелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
4 желтоқсан 2024