Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Батыс Қазақстанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

ktk.kz

Батыс Қазақстанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 желтоқсан күні кешкісін Өнеге-Бисен-Сайқын жолының 80-шақырымында болды.

«Шамамен сағат 18.58-де жүргізуші рульге ие бола алмай, «ВАЗ-21010» автокөлігінің аударылуына жол берген. Салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған екінші ер адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Бөкей ордасы аудандық ауруханасы дәрігерлерінің сөзіне қарағанда, ер адамның сынық жарақаты жоқ, бет, қолдарының терісі сыдырылған. Амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 желтоқсан 2024