Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл бес айда Қазақстанда 391 мың автокөлік тіркеуге қойылды

inform.kz

Биыл бес айда Қазақстанда 391 мың автокөлік тіркеуге қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы бес айда Қазақстанда 391 мың автокөлік тіркеуге қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары 391 801 автокөлікті тіркеуге қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 32,1 пайызға кем. Оның ішінде 358 146-сы екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 33,7 пайызға төмендеді. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 33 655-ті құрады. Ол былтырға қарағанда, 7,9 пайызға аз», - деп атап көрсетілген таратылған мәліметте
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024