Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

COVID-19: Үндістанда бір тәулікте 553 адам көз жұмды

turkystan.kz

COVID-19: Үндістанда бір тәулікте 553 адам көз жұмды

Cоңғы тәулікте Үндістанда 28 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Бір күн ішінде індеттен 553 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Пандемия басталғалы Үндістанда қатерлі вирустан 23 727 адам қайтыс болды. Ал індет жұқтырғандардың жалпы саны 906 мыңнан асып жығылды. Олардың 571 мыңы емделіп шықты. Ал 311 мың науқас дәрігерлер бақылауында. Бүгінде Үндістан коронавирусқа шалдыққандар саны жөнінен әлем бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орында. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша, дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 13,1 миллионнан асып жығылды. Індеттен 573 мыңнан аса адам көз жұмды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024