Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үндістандағы ұшақ апатынан көз жұмғандар саны белгілі болды

oinet.kz

Үндістандағы ұшақ апатынан көз жұмғандар саны белгілі болды

Үндістанда әуежайға қонар кезде апатқа ұшыраған ұшақтың 17 жолаушысы көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты РИА Новости порталына сілтеме жасап. Жергілікті үндістандық арна опат болғандардың саны 17 жеткенін мәлімдепті. Тағы 120 адам түрлі жарақат алған. Айта кетейік, Air India Express әуе компаниясының ұшағы Дубайдан оралған. Жалпы алғанда лайнер бортында 190 адам, оның 174-і ересектер, 10 бала, екі пилот және төрт экипаж мүшесі. Ұшақ шетелде қалып қойған жолаушылар елге алып келу мақсатында Дубайдан келіпті. Керал штатының министрі Пинарайя Виджаян қазіргі таңда құтқару жұмыстары аяқталып, ұшақта болғандардың барлығы ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024