Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада банк менеджері клиенттердің шотынан қомақты қаржы алған – полиция

inform.kz

Елордада банк менеджері клиенттердің шотынан қомақты қаржы алған – полиция

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері банк клиентінің шотынан ақшаның жымқырылуына байланысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Тергеу амалдары барысында полиция қызметкерлері банк менеджерінің өз қызметін пайдаланып, бірнеше ай бойы әртүрлі банктік операциялары арқылы клиенттерге тиісті ақшаны алып отырғанын анықтады. Менеджердің әрекетінен 7 адам зардап шекті. Олардан 297 мың теңге ақша жымқырылған», - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. Қызметін асыра пайдаланған әйел жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар