Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда Абай даңғылы ашылды

inform.kz

Оралда Абай даңғылы ашылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Оралда Абай даңғылы салтанатпен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл ұлы ақынның 175 жылдығына орай бұрынғы Еуразия даңғылы Абай даңғылы болып қайта аталған еді. Даңғылдың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Абат Шыныбеков биыл қаланың ортасындағы Абай алаңының абаттандырылып, басқа да елді мекендерде маңызды іс- шаралардың атқарылғанын жеткізді. «Қала күні, сондай-ақ Жайықтың қос қыраны Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің мерейтойлары аясында Оралдың қақ төрінде Абай даңғылының ашылуы – үлкен мәртебе. Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының және қала жұртшылығының ұсынысымен орталық даңғылдардың біріне осылайша ұлы Абайдың есімі берілді»,
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024