Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«760greenkm» эко-марафонына қатысушылар Петропавлда болды

inform.kz

«760greenkm» эко-марафонына қатысушылар Петропавлда болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Талдықорғаннан бастау алған «760greenkm» экологиялық марафонына қатысушылар Петропавлда болды. Әуесқой спортшылар облыс орталығының көшелерімен 42 шақырымды жүгіріп өтіп, акция аясында көшеге тал отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматылық кәсіпкерлер, алысқа жүгіруден тәжірибесі бар әуесқой спортшылар Дмитрий Ким, Ғалым Чуашев және Айдын Сәдібеков бұл іс-шараны бір апта бұрын бастаған еді. Осы аралықта олар еліміздің шығысы мен орталық және солтүстігіне қарайтын жеті қалада болды. Петропавл – эко-марафоншылар келген сегізінші қала. Алайда акцияға бұл жолы Дмитрий Ким мен Ғалым Чуашев қана қатысты. Айдын Сәдібеков алған жарақатына байланысты жүгіре алмады
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024