Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауға аққулардың алғашқы легі ұшып келді

khabar.kz

 Ақтауға аққулардың алғашқы легі ұшып келді

Жылдағы дәстүр бойынша желтоқсанның басында келетін киелі құстар биыл да көп күттірмеді. Көк айдында жүзген аққуларға қала тұрғындары нан берсе, енді бірі суретке түсіруде. Ақтау өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері құс төресінің тұрақты мекеніне айналған. Алғашында қала іргесіндегі Қаракөлге 30 мыңдай аққу ұшып келген еді. Кейін азық іздеп, қалаға қарай ағыла бастады. Қанаттылар топ болып жиналғанда ерекше үн шығарып, халыққа керемет көңіл-күй сыйлайды. Қар сирек түсетін Ақтау үшін қыстың сәні қар емес, осы аққулар. Тұрғындардың мезгілі жетсе құстың жолын тосатыны да сондықтан. Салтанат Бердібек, Ақтау қаласының тұрғыны: - Ақтаулықтар аққуды асыға күтеміз. Қыстың сәні. Әсіресе балалар қатт
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024