Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды
Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, деп хабарлайды Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол жылқыларды іздеуге шыққан. Ауқымды іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты: полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді. «Жергілікті ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бірінде малшы болып жұмыс істейтін 1971 жылғы ер адам 27 ақпанда сағат 11.30-да Обалы елді мекенінің маңында ұшу кезінде табылған», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Амангелді Тұржанов Жезқазған ауруханасына жеткізіліді. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 сәуір 2024
26 сәуір 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар