Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда жүк машинасы жер астына түсіп кетті

inform.kz

Алматыда жүк машинасы жер астына түсіп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда асфальт опырылып, жүк машинасы жер астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға Қажымұқан көшесінде болған. Видео Бейнекадрда жүк машинасының кузовының жартысы жерге кіріп кеткен. Оқыс оқиға болған жерде кәсіпорын қызметкері жарақат алған. «Ер адам басынан соққы алған» деді Алматы жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, пациент кеуде тұсынан да жарақаттанған. Ол қазір қалалық 4-ші ауруханада ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр. Оқиғаның мән жайын анықтау үшін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы тексеру жүргізіп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар