Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

aikyn.kz

Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Бүгін Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес жолаушылар автобусы өртеніп кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 5 наурызда 19.30-да автотұрақта автобустардың бірінен өрт шыққан. Жалын бірден жақын тұрған төрт автобусқа жайылып кеткен. Өртті сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының техникасының үш бірлігі және 30 адам, оның ішінде өрт сөндірушілер мен компания қызметкерлері жұмылдырылған. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт жергілікті уақыт бойынша 21.00-де оқшауланып, сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан бес көлік өртеніп кетті. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024