Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұр-Сұлтанда 22 жастағы бойжеткен 11-қабаттан секіріп кетті

baq.kz

Нұр-Сұлтанда 22 жастағы бойжеткен 11-қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен бойжеткен секіріп кеткен. 22 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өкілдері растады. 17 сәуір күні таңғы сағат 8.10 шамасында «102» арнасына Сарыарқа даңғылы бойында қыз баланың терезеден құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Анықталғандай, 22 жастағы тұрғын 11-қабат терезесінен секіріп кеткен екен. Бойжеткен оқиға орнында қаза тапты, – делінген ПД баспасөз хабарламасында. Белгілі болғандай, қайғылы оқиға болған сәтте отбасы мүшелері түгел үйде болған екен. Полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024