Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мысырда пойыз релсьтен шығып кетіп, 100-ден аса адам жапа шекті

inform.kz

Мысырда пойыз релсьтен шығып кетіп, 100-ден аса адам жапа шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысырда ел астанасы Каирден солтүстікке қарай орналасқан Кальюбия провинциясында пойыз рельстен шығып кетіп, 100-ден аса жолаушы жапа шекті. Бұл туралы осы елдің «Алдын ала мәлімет бойынша пойыз апатының салдарынан 103 жолаушы жапа шекті» делінген хабарламада. Дерекке сай, Каир - Мансура бағытында жолға шыққан пойыз Тух теміржол станциясынан аттанғаннан бірнеше минут өткен соң оның вагондары рельстен шығып кеткен. Оқиға орнына жапа шеккен жолаушыларды жергілікті ауруханаларға жеткізу үшін 20 жедел жәрдем көлігі барған. Айта кетейік, наурыз айының соңында осы елде екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 19 адам мерт болған еді және тағы 185 жолаушы жарақат алған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024