Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

24.kz

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады.Қымбатты отандастар!Еліміздегі православ христиандарын көктемнің жарқын мерекесі – Пасхамен құттықтаймын!Бұл қастерлі мейрам жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақынға жанашыр болып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге үндейді.Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті дәріптейді. Жаһандық індет бәрімізді сынға салған қазіргі кезеңде жалпыадамзатқа ортақ осы құндылықтардың маңызы артып, өзара түсіністікті, татулық пен келісімді нығайтуға септігін тигізуде.Бүгінгі шуақты мереке әр шаңырақты бақыт пен қуанышқа бөлей берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!Пасха мерекесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024